Қарағанды ​​облысында тас жолда бірден жеті көлік соқтығысты

0
1 335

Зардап шеккендер жоқ екені айтылады.


Қарағанды ​​облысында тас жолда бірден жеті көлік соқтығысты

ERNUR.KZ. Қарағанды облысындағы тас жолда бірден жеті көлік соқтығысты. Зардап шеккендер жоқ, деп жазады Stan.kz.


Ішкі істер министрлігінің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 2 қаңтар күні сағат 13:20 шамасында "Алматы-Екатеринбург" тас жолының 1353-1425 шақырымында 7 автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болған.

Зардап шеккендер жоқ екені айтылады.

“Аталған автокөліктер Астанадан Қарағанды облысына қарай жолды жаппай тұрып өтіп кеткен. Ошағанды кентінің маңында жолдың көрінбеу салдарынан алда келе жатқан көліктер бір-бірімен соқтығысқан”, – дейді Қарағанды облысы полиция департаменті Патрульдік полиция батальонының командирі Бекзат Сәулембаев.

Полиция департаменті көлік жүргізушілерден алыс жолға шықпауларын сұрайды.