​Қарағанды ​​облысында үй өртеніп, төрт бала қаза тапты

0
782

Балалар ата-анасының қарауынсыз қалған.


​Қарағанды ​​облысында үй өртеніп, төрт бала қаза тапты

Қарағанды облысы Қасым Аманжолов ауылында жеке үйде өрт шығып, балалар қаза тапты, деп жазады Stan.kz.

Балалар ата-анасының қарауынсыз қалған. Өрт кезінде олар көршілерінің үйінде болған. Полиция балалардың қанша уақыт ата-ана қараусыз жүргенін және өрттің шығу себебін анықтауда.

Өртті сөндіргеннен кейін төрт, үш, екі жастағы ұлдар мен жас шамасы белгісіз қыздың мәйіті табылды.