Қарағанды облысындағы ауылда сібір жарасының ошағы әлі табылған жоқ

0
334

Бүгінгі күні эпизотиялық ахуал тұрақты.


Қарағанды облысындағы ауылда сібір жарасының ошағы әлі табылған жоқ

ERNUR.KZ. Қарағанды облысының Топар кентінде шыққан топалаңның ошағы әлі табылған жоқ, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ветеринарлар вирус болуы мүмкін деген жерлерден сынама алып, ұлттық референттік орталыққа жіберді. Бұдан өзге жайылым мен шабындықтан алынған сынамалар ветеринариялық зерттеуге жолданды. Жауаптылар Топар кенті маңында бұрын-соңды бұл індеттің тіркелмегенін айтады. Сондықтан шекаралас ауылдардан келген болуы мүмкін деген күдік бар. Бірақ бұл әзірге болжам.

Мамандар ауру жұққан бұзаумен қатар тұрған 3 сиырдың да көзін жойды. Қазір кентте сауықтыру және зарарсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр.

«Бүгінгі күні эпизотиялық ахуал тұрақты. Қосымша ауырған мал тіркелген жоқ. Карантиндік іс-шаралар соңғы инфекция көзі жойылғаннан кейін және қортынды дезинфекцияның нәтижесіне сәйкес 15 күннен кейін алынады», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, Қарағанды облысының Топар ауылында төрт тұрғыннан сібір жарасы табылған соң карантин жарияланған болатын. Кейіннен сібір жарасын жұқтырған тұрғындардың бірі қайтыс болғаны хабарланды. Сондай-ақ тағы бір науқас жансақтау бөліміне ауыстырылды.