Қарағанды облысының тұрғыны үйінің ауласында қасқыр асыраған

0
1 487

Үйдің ауласындағы қасқырлар жайлы видео әлеуметтік желіде жарияланған.


Қарағанды облысының тұрғыны үйінің ауласында қасқыр асыраған

ERNUR.KZ. Қарағанды облысының тұрғыны үйдің ауласында қасқыр асыраған. Әлеуметтік желілерде иесінің қасқырларды түсіріп жатқан видеосы тарап жатыр, деп жазады Tengrinews.kz.

Үйдің ауласындағы қасқырлар жайлы видео бастапқыда Instagram желісіндегі @5kanal.kz паблигінде жарияланған. Видеоның сипаттамасында қасқырларды Бұхар Жырау ауданы Суықсу ауылында асырап жатқаны айтылады.

"Мынау адам ауласында қасқырларды ұстайды, олармен бірге серуендеге барады. Тұмылдырық та тақпайды, бос жүреді. Біздің балаларымыз бар, олар үшін қорқамын. Ол болса біздің ескертулерімізді тыңдамайды да", - дейді видео авторы.



Бұл қасқырларды жергілікті қорықшының асырайтыны белгілі болды.

"Мен бұл қасқырларды торда ұстаймын, олар аулаға шығып кетпейді. Өзім қоректендіріп, асыраймын. Кейін хайуанаттар бағына беретін шығармын мүмкін", - дейді қорықшы.

Оның айтуынша, қасқырлардан тордан еш жағдайда шығып кете алмайды.