Қарағанды саябағында әйелдер тегін аттракцион үшін төбелесті – видео

0
451

Балаларды қорғау күні тегін аттракционға таласқан ата-аналар төбелесіп кетті.


Қарағанды саябағында әйелдер тегін аттракцион үшін төбелесті – видео

ERNUR.KZ. Қарағанды тұрғындары Балаларды қорғау күні демалыс саябағындағы тегін аттракционның жанында төбелес шығарды, деп жазады sputnik.kz.

Әйелдер кімнің баласы карусельде айналатынын "шешіп" жатқан сәтті куәгерлер видеоға түсіріп алған. Роликтен аттракционның жанына көп адам жиналғанын көруге болады.



Бір күн бұрын әкімдік 1 маусымда сағат 12:00-ден 17:00-ге дейін 14 жасқа дейінгі балалар төрт аттракционда тегін сырғанай алатынын хабарлады. Бұл күні саябаққа көптеген адам жиналып, жанжал шықты.

Кейінірек қалалық әкімдік болған жағдайға түсініктеме берді.

"Орталық саябақта тұрғындардың карантиндік нормаларды сақтамауына байланысты "Мәдениет және демалыс саябақтары басқармасы" КМҚК басшылығы аумақта орналасқан аттракциондар мен бизнес нысандарының қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Әкімдік сонымен қатар қала тұрғындарын бұл шараға түсіністікпен қарауға шақырды.