Қарағанды университеті орман өртінен зардап шеккен отбасылардың балаларына грант бөледі

0
409

Жоғары оқу орнының басшылығы тиісті шешімді мәлім етті.


Қарағанды университеті орман өртінен зардап шеккен отбасылардың балаларына грант бөледі

ERNUR.KZ. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті Абай облысында орман өртінен зардап шеккен отбасылардың балаларына 10 білім беру грантын бөледі, деп жазады inbusiness.kz.

ҚарУ ректоры аппаратының басшысы Серік Қалқамановтың сөзінше, университет Абай облысының тұрғындары тап болған үлкен қиыншылықтан тыс қала алмады.

“Біз оларды осындай қиын кезеңде қолдау керек деп шешім қабылдадық. Осы мақсатта орман өртінен зардап шеккен отбасылардан шыққан балаларға университет қабырғасында тегін оқуға 10 грант беруге дайынбыз. Қаза тапқандардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтамыз”, – деді.

Бұдан бөлек Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университет еріктілері орман өртінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинауға қол ұшын созады.