Қарағандыда адамдар отырған аттракцион істен шықты

0
675

Аттракцион арнайы конструкциядағы рельстермен қозғалады және жолаушылар тасымалдайтын құрамы бағыты мен жылдамдығын күрт өзгертетіндей етіп жасалған.


Қарағандыда адамдар отырған аттракцион істен шықты

ERNUR.KZ. Рельспен жүретін вагонша орта жолға келгенде тоқтап, ішінде адамдар қалып қойды, деп жазады exk.kz.

Аттракцион қызметкерлері адамдарға рельс арқылы төмен түсуге көмектесті. Олар ақауды өз беттерімен жөндеп, тұрып қалған вагонды орнынан жылжытпақ болды.

Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.

Осы оқиғаға байланысты тексеру жұмыстары үшін саябақтағы барлық аттракциондардың жұмысы тоқтатылды.

"Шынымен де осындай оқиға орын алды. Қауіпсіздікті тексеру мақсатында техникалық жарамдылық сараптамасы сертификатын алған барлық аттракциондар осы оқиғалардың қайталанбауы үшін уақытша тоқтатылады", - делінген хабарламада.

Аттракцион арнайы конструкциядағы рельстермен қозғалады және жолаушылар тасымалдайтын құрамы бағыты мен жылдамдығын күрт өзгертетіндей етіп жасалған.