Қарағандыда аққала байқауы жарияланды

0
2 537

Жалпыхалықтық шараға тұрғындар белсенді қатысып жатыр.


Қарағандыда аққала байқауы жарияланды

ERNUR.KZ. Қарағандыда аққала байқауы жарияланды, деп жазады 24.kz.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жалпыхалықтық шараға тұрғындар белсенді қатысып жатыр.

Бұған соңғы күндері жауған қалың қар да себеп дейді олар. Айталық, санаулы күн ішінде 10 адам туындыларын әлеуметтік желіге жариялап үлгерген. Енді жеңімпазды жұрт дауыс беру арқылы анықтайды.

Авторлар дәстүрлі аққаламен шектелмей, қиялға ерік беріп, әрқилы қар мүсіндер жасаған.

«Аққаланы үш адам бар болғаны 23 минут ішінде жасап шықтық. Аса қиынға соққан жоқ. Көшеде жүрген адамдар суретке түсіп, қызықтап жатады. Байқауда жеңу мақсат емес, жұртқа аз да болса қуаныш сыйлағанымыздың өзі жеңіс», - дейді байқауға қатысушы Мұрат Күдерінов.