Қарағандыда аттракционның істен шығуына байланысты тексеру жұмыстары жүргізіледі

0
595

Қалалық саябақтардың бірінде аттракцион жоғары көтеріліп, тоқтап қалды. Рельспен жүретін вагонда үш бала мен бір ересек адам қалып қойған.


Қарағандыда аттракционның істен шығуына байланысты тексеру жұмыстары жүргізіледі

ERNUR.KZ. Аттракционның істен шығуына қатты соққан жел себеп болды, деп жазады exk.kz.

Мамандардың айтуынша, мұндай ауа-райында аттракционды іске қосуға болмайды. Себебі, қарсы соққан жел арбаның қозғалысына кедергі жасайды.

"Аттракционда үш бала мен бір ересек адам болды. Олардың ешқандай шағымдары жоқ. Біз күн сайын таңертең аттракциондарды іске қосып, оларды бір сағат бойы тексереміз", - деді саябақ жұмысшыларының бірі.