Қарағандыда автобус апатынан зардап шеккен жолаушы көз жұмды

0
2 428

Зардап шеккен науқас ауруханада қайтыс болды.


Қарағандыда автобус апатынан зардап шеккен жолаушы көз жұмды

ERNUR.KZ. Қарағандыда екі автобустың соқтығысуы кезінде зардап шеккен науқастардың бірі бүгін ауруханада қайтыс болды, деп жазады inbusiness.kz.

Бірнеше сағат бұрын Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханада екі автобустың соқтығысуы кезінде зардап шеккен жолаушылардың бірі қаза тапты.
"2003 жылы туылған науқас өмірге сәйкес келмейтін ауыр жарақаттар салдарынан қайтыс болды. Қалған зардап шеккендердің динамикасы тұрақты", - деп хабарлады Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, бүгін таңертең Қарағандыда екі жолаушы автобусы соқтығысқан болатын. Апат салдарынан бір автобустың жүргізушісі қаза тапты.