Қарағандыда балалар уланған орталықтың 12 қызметкері жұмыстан шеттетілді

0
435

Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалар жаппай уланғаны хабарланған.


Қарағандыда балалар уланған орталықтың 12 қызметкері жұмыстан шеттетілді

ERNUR.KZ. Бұл туралы облыс әкімдігі мәлім етті, деп жазады ulysmedia.kz.

“Қарағанды қаласында қайғылы жағдай орын алды. Соның салдарынан бір бала қайтыс болды. Бірнеше бала ауруханада жатыр. Дәрігерлердің тарапынан оларға барлық медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Бұған жол берген адамдардың барлығы қатаң түрде жазаланатын болады. Қазір қылмыстық іс қозғалды. Қайғылы жағдайдың себептері тексерілуде. Ол туралы кейінірек толық ақпарат беретін боламыз”, – делінген әкімдік хабарламасында.

Еске салайық, бұдан бұрын Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалар жаппай уланғаны хабарланған.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, балалардың улануына тамақтың қатысы жоқ.

Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл осы оқиғадан кейін елдегі 84 әлеуметтік мекеменің барлығы жіті тексерілетінін мәлім етті.