Қарағандыда балалардың улануы: Бас прокуратура сараптама қорытындысы туралы айтты

0
6 504

Бұл бап бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.


Қарағандыда балалардың улануы: Бас прокуратура сараптама қорытындысы туралы айтты

ERNUR.KZ. Қарағанды облысындағы арнайы орталықта балалардың жаппай улануына қатысты тергеу оқиғадан кейін жарты жылға жуық уақыт өтсе де жалғасып жатыр, деп жазады tengrinews.kz.

Бас прокуратура балалардың улану себебін анықтау үшін кешенді химиялық-токсикологиялық сараптама тағайындалып, өндірісі Ресей Федерациясының мамандарына тапсырылғаны айтылған.

"Бүгінде нәтижелер алынған жоқ. Осыған байланысты соталды тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Орталық қызметкерлерінің жауапкершілігін қоса алғанда, соңғы процессуалдық шешім тергеу әрекеттері мен сараптаманың нәтижелері бойынша анықталады", - делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Қадағалау органы 31 шілде мен 1 тамыз аралығында облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына тамақтан улану (ішек инфекциясынан улану) диагнозымен 14 бала түскенін, оның екеуі қайтыс болғанын еске салды.

Дерек бойынша Қарағанды облысы прокуратурасының соталды тергеп-тексеру бөлімі ҚР ҚК-нің 304-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тергеп жатыр.

Бұл бап бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.