Қарағандыда балалардың жаппай улануы: 14 жеткіншектің 5-еуі әлі ауруханада

0
1 565


Қарағандыда балалардың жаппай улануы: 14 жеткіншектің 5-еуі әлі ауруханада

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі Қарағанды облысының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында уланған балалардың жағдайына қатысты мәлімет берді, деп жазады Ulysmedia.kz.

Облыстық клиникалық ауруханаға барған ведомство басшысы Ажар Ғиният балалардың жағдайын көзбен көріп қайтыпты.

«Қарағанды облысының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан түскен 14 баланың 5-і бүгінде ем алуда. Балаларда оң динамика байқалады, естері анық, ерте оңалып келеді», - деп жазылған министрлік хабарламасында.

Министр балаларды емдеу тәсілін республикалық мамандар үнемі бақылауда ұстап отырғанын жеткізді.

Еске салайық, 30 шілдеде Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалар жаппай уланғаны хабарланған. Уланған балалардың бірі бірден қайтыс болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, балалардың улануына тамақтың қатысы жоқ.

Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл осы оқиғадан кейін елдегі 84 әлеуметтік мекеменің барлығы жіті тексерілетінін мәлім етті.

Сондай-ақ, Қарағандыда балалар уланған орталықтың 12 қызметкері жұмыстан шеттетілгені белгілі болды.

8 тамызда үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният балалардың улануына не себер болғанын айтты.

28 тамызда уланған балалардың тағы бірі көз жұмды.