Қарағандыда баланың үстіне бағана құлады

0
613

Дәрігерлердің айтуынша, оған "Жабық бас сүйек-ми жарақаты. Мидың шайқалуы" диагнозы қойылған.


Қарағандыда баланың үстіне бағана құлады

ERNUR.KZ. Қарағандыда орталық саябақта велосипед мінген ер баланың үстіне жарық бағанасы құлады, жазады sputnik.kz.

"3 маусымда сағат 12.35-те орталық саябақта велосипедпен жүрген он жасар баланың үстіне жарық бағанасы құлады. Салдарынан ол медициналық мекемеге жеткізілді", - деді Қарағанды облысы полициясыгың баспасөз қызметі.

Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен баланың жағдайына қатысты ақпарат берді. Дәрігерлердің айтуынша, оған "Жабық бас сүйек-ми жарақаты. Мидың шайқалуы" диагнозы қойылған.

Қажетті ем-дом жасалғаннан кейін бала үйіне жіберілген.
Бұл фактіні полиция тіркеді, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.