Қарағандыда белгісіз біреу ​​тұрғынға пышақпен шабуыл жасады

0
217

Оқиға 13 сәуірде Қарағандының 15-шағынауданында болған.


Қарағандыда белгісіз біреу ​​тұрғынға пышақпен шабуыл жасады

ERNUR.KZ. Қарағандыда полицейлер жергілікті тұрғынға шабуыл жасады деген күдіктіні ұстады, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға 13 сәуірде Қарағандының 15-шағынауданында болған. Онда 43 жастағы ер адам пышақ жарақатымен емдеу мекемесіне жатқызылған. Полиция қылмыстық іс қозғады.

"Жедел іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 47 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады", - деп хабарлады Полиция департаменті.

Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.