Қарағандыда «Е-қылмыстық іс» жобасы жүзеге асырыла бастады

0
1 135

Жоба қылмыстық процестің барлық сатыларын қамтиды: қылмыстың тіркелуінен бастап, оның тергелуі және үкімнің орындалуына дейін.


Қарағандыда «Е-қылмыстық іс» жобасы жүзеге асырыла бастады

ERNUR.KZ. Қылмыстық процесті цифрландыру және Елбасының «100 нақты қадам» ұлт Жоспарында айқындаған міндеттерді орындау мақсатында, Қарағанды облысында «Е-қылмыстық іс» жобасы жүзеге асырылуда, деп жазады baq.kz.

Жобаның мақсаты – қылмыстық сот ісін жүргізу барысын автоматтандыру, оның ашықтығын арттыру, материалдарды бұрмалау мүмкіндігін төмендету, материалдық, уақыттық шығындарды азайту, тергеу және сот органдарының жүктемелерін төмендету, іс материалдарына нақты уақыт режимінде қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Ол қылмыстық процестің барлық сатыларын қамтиды: қылмыстың тіркелуінен бастап, оның тергелуі және үкімнің орындалуына дейін.

Бүгінгі күні қылмыстық қудалау органдары 230-дан астам қылмыстық істерді электрондық нысанда тергеп жатыр, олардың 50% (111) сотқа жолданған, 19% (42) ақтамайтын негіздермен тоқтатылған, қалғандары тергеу сатысында.