Қарағандыда егеуқұйрықтың кесірінен жарты қала жарықсыз қалды

0
781

Тіпті әкімдікте де жарық сөніп қалған.


Қарағандыда егеуқұйрықтың кесірінен жарты қала жарықсыз қалды

ERNUR.KZ. Қарағандыда дала егеуқұйрығыың кесіренен қосалқы станцияны апатты жағдайға әкелді. Нәтижесінде алты көше мен қала әкімдігі электр жарығынсыз қалды, деп жазады Stan.kz.

"Жаңа қала" қосалқы станциясындағы апат 07.30-да болды. Нұркен Әбдіров, Нұрсұлтан Назарбаев, Бұқар Жырау даңғылдарының, сондай-ақ, Гоголь, Әлиханов, Пригородная көшелерінің тұрғындары электр жарығынсыз қалды. Сонымен қатар, электроэнергиясы әкімдікте де өшкен.

Энергия таратушы "Қарағанды Жарық" ЖШС компаниясы апат себептерін жоюға кіріскендерін мәлімдеді. Түстен кейін олар үйлердің бір бөлігін басқа желіге ауыстырды. Электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Нәтижесінде, мұқият тексерістен соң қаланың бір бөлігі жарықсыз қалады.


"Апат нәтижесінде төрт мыңға жуық жеке және 117 заңды тұлға электр қуатынсыз қалды, тексеру арқылы дала егеуқұйрығы кірген №9 фидердің желілік бөлігінің зақымдануы анықталды. Қысқа тұйықталу болып, желілер ажыратылған", - деп атап өтті "Қарағанды Жарық"ЖШС баспасөз қызметі.


Компанияның авариялық бригадасы желілерді бұзылуды қалпына келтіріп, жоғары вольтты сынақ өткізді. Қазіргі уақытта компанияның мәліметінше, қалада электр энергиясын қайта қалпына келтірілді.