Қарағандыда ер адам бұрынғы әйелін ұрып-соғып қызын ұрлап кеткен

0
1 125

Ер адам бір жарым жасар қызды белгісіз бағытқа алып кеткен.


Қарағандыда ер адам бұрынғы әйелін ұрып-соғып қызын ұрлап кеткен

ERNUR.KZ. Қарағандыда ер адам бұрынғы әйелін ұрып-соғып, бір жасар қызын ұрлап кеткен, деп жазады Stan.kz.

Оқиға бүгін, 13 қыркүйекте, орын алған. Полиция мәліметінше, қаланың 23 жастағы тұрғыны бұрынғы күйеуімен ұрысып қалып, оның ұрып-соққанын хабарлаған. Артынша 26 жастағы ер адам бір жарым жасар қызын белгісіз бағытқа алып кетіпті.

Абырой болғанда, полиция қызметкерлері шұғыл іздестіру шараларының барысында сәбиді тапты. Қазіргі уақытта ол анасының жанында.

Аталған оқиғаға қатысты ҚР ҚК 125-бабына (Адам ұрлау) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта полицейлер күдіктіні тұтқындау бойынша шаралар жүргізуде. Тергеу жүргізіліп жатыр.