Қарағандыда ер адам эскалаторда тұрған жігітті теуіп құлатты

0
537

31 жастағы жігіт ұсталды.


Қарағандыда ер адам эскалаторда тұрған жігітті теуіп құлатты

ERNUR.KZ. Қарағандыдағы "Сити Мол" сауда үйінде ер адам эскалатормен түсіп бара жатқан жігітті еш себепсіз арқасынан тепкен. Ол бұл соққыдан ұшып түсіп, құлады, деп жазады tengrinews.kz.

Видео Instagram-дағы karaganda.city парақшасында пайда болды. Полицейлер күдіктіні қолға түсірді.


"25 жастағы Қарағанды тұрғынына дене жарақаттарын келтіру дерегіне байланысты ҚР ҚК-ның 293-бабы 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Полиция қызметкерлері бұрын психияторлық есепте тұрған 31 жастағы азаматты ұстады. Ол облыстық психоневрологиялық диспансеріне орналастырылды", - деп хабарлады полиция.