Қарағандыда ер адам көшеде құлап мерт болды

0
1 145

Полиция 40 минут өткен соң келген


Қарағандыда ер адам көшеде құлап мерт болды

ERNUR.KZ. Қарағандыда ер адам ондаған адамның көз алдында мерт болды. Оның аялдамада сұлқ түсіп жатқанын көрген бір куәгер полиция шақырған. Алиса Войташенко ер адамның жанынан өтіп кете алмаған. Жедел жәрдем мен полиция шақырған. Олардың келгенін күтіп, 40 минуттай аялдап қалған, деп жазады sn.kz 31 арнаға сілтеме жасап.

«Полиция 40 минут өткен соң келді. Бұл кезде ер адам өлі күйде болды. Оны бәрі мас болып жатыр деп ойлады», – дейді куәгер.

Алдын ала болжам бойынша, ер адамның басына қан ұйыған. Адамның қаны ұйығанда оны мас адамнан ажырату қиын. Мұндайда дереу дәрігер шақыру керек дейді жедел жәрдем қызметкері.

«Мұндай жағдайда автобус жүргізушісі көлікті тоқтатып, адамдарды сыртқа шығарып, дереу 103-ке хабарласуы керек. Адам қаны ұйығанда мас адам секілді күйде болады. Оны ажырату қиын», – дейді облыстық жедел жәрдем бөлімінің меңгерушісі Айнагүл Жаманова.