Қарағандыда көлік терезесіне мойны қысылған 5 жасар бала қайтыс болды

0
1 182

Әкесі баласын көлікте жалғыз қалдырып кеткен.


Қарағандыда көлік терезесіне мойны қысылған 5 жасар бала қайтыс болды

ERNUR.KZ. Қарағандыда 5 жасар бала ойнап отырып көз жұмды. Жалғыз қалған бала көліктің терезесін ашып-жауып ойнап отырған. Әкесі баласын көлікте жалғыз қалдырып кетеді. Баласы көлік терезесінен басын кіргізіп-шығарып ойнап отырса керек, деп жазады Stan.kz.

Кенет батырманы басып қалғанда терезе автоматты түрде көтеріліп, баланың басы қысылып қалады. Ол батырманы қайта басып үлгермеген.

Баланың өлі екенін көрген әкесі дереу жедел жәрдем шақырады. Алайда ақ халаттылар баланы құтқарып үлгермеді.

Полицейлер жағдайды оқыс оқиға деп атады.