Қарағандыда колледждің алдында жігіт студентке пышақ сұққан

0
478

Оқу орнының алдында 19 жастағы жігітті қуып жүріп, пышақтаған.


Қарағандыда колледждің алдында жігіт студентке пышақ сұққан

ERNUR.KZ. Қарағандыда колледждің алдында жігіт студентке пышақ сұққан, деп жазады stan.kz.

Қарағандыдағы экономика, бизнес және құқық колледжінің алдында студент екінші студентке пышақ жарақатын салғаны видеосы түсіп қалды. Ол оқу орнының алдында 19 жастағы жігітті қуып жүріп, пышақтаған.

Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді. Полиция қаскөйді ұстады.

“17 жастағы күдікті ұсталды. ҚК-нің 106-бабы "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде”, – деп мәлімдеді ПД.