Қарағандыда көпқабатты үйдің терезесінен құлаған 4 жасар қыз көз жұмды

0
286

Оның бас сүйегі бірнеше жерінен, мойын омыртқасының сынып кеткен.


Қарағандыда көпқабатты үйдің терезесінен құлаған 4 жасар қыз көз жұмды

ERNUR.KZ. Өткен демалыс күндері Қарағандыда екі бала көпқабатты үйлердің бірінің терезесінен құлап кетті. Оқиға салдарынан төрт жасар қыз қайтыс болды, деп жазады inbusiness.kz.

ЕKaraganda порталының мәліметінше, оқиғаның мән-жайы туралы Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың ситуациялық орталығының меңгерушісі Ерік Шонбаев айтып берген.

Дәрігердің айтуынша, тұрғын үйдің төртінші қабатындағы терезеден құлап кеткен 2019 жылы туған қыз ауыр халде облыстық балалар клиникалық ауруханасының жедел жәрдем бөліміне жеткізілген.

"Оның бас сүйегі бірнеше жерінен, мойын омыртқасының сынып кеткен, сонымен қатар травматикалық шок алған. Қыз есін жимастан көз жұмды", - деді Ерік Шонбаев.

Зардап шеккен екінші бала да 2019 жылы туған. Ол да тұрғын үйдің төртінші қабатындағы терезеден құлап кеткен. бірақ оның үйі басқа көшеде орналасқан. Қазір дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр. Баланың жағдайы ауыр.

"Баланың бас сүйегі, мойын омыртқасы сынған, екі өкпесінен жарақат алған, қабырғасы сынған, сүйектеріне сызат түскен. Мақажанов емханасы мен №1 облыстық балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлері аурухана дәрігерлеріне көмекке жіберілді", - деп түсіндірді Е. Шонбаев.