Қарағандыда қызғаншақ жігіт әйелін буындырып өлтірді

0
1 290

Күдікті бастапқыда жедел уәкілдерді жалған ізге салып жібергісі келген.


Қарағандыда қызғаншақ жігіт әйелін буындырып өлтірді

ERNUR.KZ. Бүгін Қарағанды қаласында 29 жастағы келіншектің мәйіті табылды. Белгілі болғандай, 27 жастағы жігіт қызғаныштан бірге тұрып жатқан әйелін өз қолымен тұншықтырып өлтірген, деп жазады ҚазАқпарат.

30 шілде күні сағат 13:30-да Қарағанды қаласындағы бір үйдің маңынан 29 жастағы әйелдің денесі табылды. Полиция қызметкерлері ізін суытпастан өлген әйелмен бірге тұрып жатқан 27 жастағы азаматты ұстады. Күдікті бастапқыда жедел уәкілдерді жалған ізге салып жібергісі келген.

Алайда, полицейлердің кәсіби іс-әрекетінің арқасында жедел-тергеу жолымен оған қарсы айғақтар табылған. Нәтижесінде ер адам жанжал барысында қызғаныштан жәбірленушіні өз қолымен буындырғанын мойындады. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (кісі өлтіру).