Қарағандыда мемлекеттік қызметтер сайтына шабуыл жасаған хакер ұсталды

0
494

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.


Қарағандыда мемлекеттік қызметтер сайтына шабуыл жасаған хакер ұсталды

Қарағанды тұрғыны электронды мемлекеттік қызмет көрсету саласында киберқылмыс жасады деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылғы 30 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен мемлекеттік электрондық қызмет көрсету саласында киберқылмыс жасады деген күдікті қарағандылықты ұстады.

"Тінту кезінде 24 ұялы телефон, 4 жүйелі блок, 4 флеш-карта, 9 ноутбук, планшет алынды. Алдын ала бағалауға сәйкес, залалдың сомасы 49 миллион теңгеден асады. Қылмыстық кодекстің 207-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.