Қарағандыда пәтерден өрт шығып, үш адам тірідей жанып кетті

0
497

Арасында туғанына үш-ақ ақ апта болған сәби де бар.


Қарағандыда пәтерден өрт шығып, үш адам тірідей жанып кетті

ERNUR.KZ. Қарағандыда пәтер өртеніп, ішінде үш адам тірідей жанып кетті. Олардың арасында туғанына үш-ақ ақ апта болған сәби де бар, деп жазады ktk.kz.

Тілсіз жау пәтерде күндізгі сағат үште тұтанған. Құтқарушылар подьездегі пәтерлерден 24 адамды алып шығыпты. Тіпті төрт баланы жоғарыдан арнайы қапқа орап түсіруге мәжбүр болды. Ал өрт ошағынан бір 78-дегі қария мен оның 35 жастағы немересі және туғанына үш апта болған шөбересінің денесі табылды. Тілсіз жау ең жоғарғы қабаттағы пәтерден тұтанып, оны дер кезінде ешкім байқамаған. Өрт әбден күшіне мінгенде ғана жұрт дүрлігіпті.

«Пәтерлердің есігін қағып, тұрғындарға ескертіп, барлығы үйін тастай қашты. Қатты қорықтық. Марқұм әжейді кеше ғана көргенмін. Күн суытса да біздің үйге әлі жылу берілген жоқ. Сондықтан елдің көбі электр пешін қосып отыр. Өрттің себебі сол болуы да мүмкін», - деді оқиға куәгері Ербол Темірбеков.