Қарағандыда "Спутник V" вакцинасының алғашқы партиясы шығарылды

0
589

Бүгін Қазақстанның барлық өңіріне "Гам-КОВИД-Гак" вакцинасының 90 мың дозасы жөнелтіледі.


Қарағандыда

ERNUR.KZ. Қарағанды фармацевтика кешені "Спутник V" вакцинасының өнеркәсіптік партиясын шығарды, деп жазады Stan.kz.

Бүгін ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов пен ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қарағанды фармацевтика кешені базасында "Гам-КОВИД-Гак" вакцинасының өнеркәсіптік өндірісі барысын және вакцинаның өңірлерге жеткізілуін тексерді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, отандық фармацевтикалық кешенде вакцинаның өнеркәсіптік өндірісі қысқа мерзімде жолға қойылды.

Бүгін Қазақстанның барлық өңіріне "Гам-КОВИД-Гак" вакцинасының 90 мың дозасы жөнелтіледі.

2021 жылғы наурызда 150 мың дозасын өндіру жоспарланып отыр, ал сәуір айынан бастап 600 мың дозаға дейін жеткізіледі. Осылайша, халықты жоспарлы түрде COVID-19-ға қарсы вакцинамен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етеміз.

"СҚ-Фармация" ЖШС мен Ресей тікелей инвестициялар қоры арасында жасалған өзара түсіністік туралы келісім аясында 2 млн астам доза жеткізу, препарат сынақтың барлық сатысынан өткеннен кейін оны 5 млн дозаға дейін арттыру жоспарлануда.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет