Қарағандыда суық тиіп қайтыс болған оқушының өлімі тергеліп жатыр

0
530

Қарағандыда 2-сынып оқушысы қайтыс болғаны хабарланды.


Қарағандыда суық тиіп қайтыс болған оқушының өлімі тергеліп жатыр

ERNUR.KZ. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова мәлім етті, деп жазады ulysmedia.kz.

«Қарағандыда болған жағдайға байланысты, біріншіден, сәбидің ата-анасына көңіл айтамын. Қайғысына ортақтасамын. Баланың өлуінің себебі нақты анықталмаған. Сот-медициналық сараптамасының алғашқы қорытындысы бойынша асфикциядан, яғни құсудан қайтыс болды. Тергеу қазір жалғасып жатыр. Бала коронавирустан қайтыс болған жоқ», - деді Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қарағандыда 2-сынып оқушысы қайтыс болғаны хабарланды.

17 желтоқсанда ата-анасы қызуы көтерілген қызын ауруханаға алып келген. Дәрігерлер баланы емдеу мекемесіне қалдыруды ұсынды, бірақ анасы мен әкесі ауруханаға жатқызудан бас тартты. 8 жасар қызды үйіне жеткізіп, дене қызуын дәрі-дәрмекпен түсірген. Алайда ол келесі күні таңертең оянбаған.