Қарағандыда сыңарын өлтірген жігіт 10 жылға бас бостандығынан айырылды​

0
95


Қарағандыда сыңарын өлтірген  жігіт 10 жылға бас бостандығынан айырылды​

ERNUR.KZ. Қарағандыда ішімдікке салынға егіздің сыңары анасын тепкен. Қайғылы жағдайға осы оқиға себеп болған, деп жазады sn.kz.

Түн жарымында көшеден мас болып келген егіздің бірі анасынан ішімдік сұрап мазасын алады. Шарап алып беруден бас тартқан анасына ашуланған жігіт оны тепкілей бастайды. Анасын үнемі қорлап, балағаттап, соққыға жығатынын көруден шаршаған екінші сыңары бауырын пышақтап тастайды.

Қанды оқиғадан кейін ол бірден жедел жәрдем шақырған. Бірақ ауыр жарақат алған сыңары ауруханаға жетпей көз жұмған.

«Бауырым анамды жиі ренжітетін. Ол көп ішетін. Сол күні сұрап қоймаған соң анам ішімдігін алып берген еді. Бірақ ол оны жолдастарымен көшеде бөлісіп ішіп келіп, анамнан тағы алып беруін талап етті. Мен анамның айқайын естідім. Ас бөлмесіне келгенімде бауырымның анамды тепкенін білдім. Мен шыдамай, оған пышақ сұғып алдым», – дейді өз ісін мойындаған азамат.

Қарағанды облысы сотының шешімі бойынша егіздің сыңары 10 жылға бас бостандығынан айырылды.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет