Қарағандыда жол апатынан 21 жастағы жігіт опат болды

0
687

Жолаушылар автобусы мен «Lada» жеңіл автомобилі соқтығысқан.


Қарағандыда жол апатынан 21 жастағы жігіт опат болды

ERNUR.KZ. Қарағандыда жеңіл көлік автобуспен соқтығысты. Апат салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі қаза тапқан, деп жазады ҚазАқпарат.

Бүгін таңғы 6:36-да Қарағанды – Үштөбе күре жолында жолаушы автобусы мен «Lada» жеңіл автомобилі соқтығысты.
«Жеңіл көліктің 1998 жылы туған жүргізушісі қатты жарақат алып, жедел жәрдем келгенше жан тапсырған. Автобустың 1955 жылы туған кондукторы басынан жарақаттанып, Мақажанов атындағы облыстық медицина орталығына жеткізілді. Егде тартқан әйелге нейрохирург-травмотологтың көмегі қажет болды, содан кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді», - деп мәлімдеді Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.