Қарағандыда жолаушыға толы екі автобус соқтығысты

0
376

Жеті жолаушы ауруханаға жеткізілді.


Қарағандыда жолаушыға толы екі автобус соқтығысты

ERNUR.KZ. Қарағандыда екі автобус соқтығысып, соның салдарынан жолаушылар зардап шекті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Карл Маркс көшесінде болған. №56 және №44 автобустар соқтығысып, соның салдарынан жеті жолаушы ауруханаға жеткізілді.

«Олардың барлығы әртүрлі жерінен көгерген. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін зардап шеккендердің барлығы амбулаторлық емдеуге жіберілді. Тағы екі жолаушыға көмек қажет емес», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Полицейлер жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғап, қажетті сараптамалар тағайындады.