Қарағандыда жылу желілерінде апат болды

0
458

Ақауды жоюға 2 авариялық бригада 8 техника жұмылдырылды.


Қарағандыда жылу желілерінде апат болды

ERNUR.KZ. Қарағандыда 2024 жылдың 10 қаңтары күні кешке жылу желілерінде апат болды. Электр кернеуінің тұрақсыз болуының себебінен ақау пайда болды, деп жазады zakon.kz.

Оқиғаның мән-жайын "Теплотранзит Қарағанды" ЖШС айтып берді.

"Электр кернеуінің тұрақсыз болуының себебінен Дүйсембеков көшесіндегі "Панель-Центр" жылу сорғы станциясында қысқа мерзімді тоқтатулар мен сорғы агрегаттарының өздігінен іске қосылуы орын алды, қысымның күрт көтерілуінің нәтижесінде гидросоққы пайда болып Әшімов көшесінде ақау орын алды", - деп жазылған ресми ақпаратта.

"Теплотранзит Қарағанды" ЖШС ақаудың сипатын анықтау мақсатында су сору жұмыстарын жүргізіуде.

Ақауды жоюға 2 авариялық бригада 8 техника жұмылдырылды.

Жұмыс жедел режимде жүргізілуде. Тұтынушылпр жылудың нашарлатылған резиміне ауыстырылды.