Қарағандыдағы оқ-дәрі шығаратын зауыт республикалық меншікке өтті

0
942

23 ақпанда үкімет өз қаулысымен келісімді бекітті.


Қарағандыдағы оқ-дәрі шығаратын зауыт республикалық меншікке өтті

ERNUR.KZ. Қазақстанда "Қазтехнология" компаниясы Қарағандыдағы Steel Manufacturing оқ-дәрі зауытын республикалық меншікке берді. 23 ақпанда үкімет өз қаулысымен келісімді бекітті, деп жазады stan.kz.

"Steel manufacturing" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына қатысу үлесінің 100 пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы "Қазтехнология" акционерлік қоғамының ұсынысы қабылдансын", - делінген премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойған құжатта.

Қаулыға сәйкес, кәсіпорын Kazakhstan Engineering ұлттық компаниясының акцияларына төлем ретінде мемлекет меншігіне өтіп, сол арқылы зауыттың иесі атанады.

Айта кетейік, аталған компания атыс қаруына арналған оқ-дәрілер шығарады.