Қарағандылық келіншек суға батып бара жатқан көліктен шығудан бас тартқан (видео)

0
951

Ол бағалы темір тұлпарын қимаған.


Қарағандылық келіншек суға батып бара жатқан көліктен шығудан бас тартқан (видео)

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында екі адам көлігімен бірге суға батып кете жаздады. Бір қызығы, суға кетіп бара жатқан көлік ішіндегілер құтқаруға келгендерге шықпаймыз деп әбігерге салған, деп жазады ktk.kz.

Қарағанды-Абай тас жолында тізгінге ие бола алмаған 44 жастағы әйел көлігімен жол шетіндегі терең тоғанға түсіп кеткен.

Тапа-тал түсте куәгерлердің шақыртуымен жеткен құтқарушылар жүргізуші мен оның 16 жастағы қызын аман алып шықты. Бірақ алғашында екеуі минут санап батып бара жатқан көліктен шығудан бас тартыпты. Өздерін көлікпен бірге көтеріп шығуын талап еткен. Өйткені екеуі шықса, құтқарушылар көлікке мән бермей, құнды дүние су астына кете ме деп қорқыпты.

Мамандар «әке-көкелеп» жүріп, алдымен анасы мен қызын, кейін бағалы темір тұлпарды да алып шықты.

Жанна Дәуренбекова, Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз хатшысы: - Зардап шеккендермен әңгімелесіп, оларды құтқару қажеттігі туралы түсіндірді. Капоттың үстіне шығарып, содан кейін өрт сөндіру сатысымен жағаға шығарды.