Қарағандылық кеншілер Головкинді қолдау мақсатында ерекше флешмоб бастады (видео)

0
1 000

Қысқа ғана ролик ERG Kazakhstan YouTube-каналында жарияланған.


Қарағандылық кеншілер Головкинді қолдау мақсатында ерекше флешмоб бастады (видео)

ERNUR.KZ. Қарағандылық кеншілер өздерінің танымал жерлесі - боксшы Геннадий Головкинді қолдап бейне ролик түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Шұбаркөл көмір" АҚ "Орталық" және "Батыс" разрезінде жұмыс істейтін кеншілер танымал жерлестеріне - кәсіпқой бокста чемпион болған Геннадий Головкинге Стив Ролсқа қарсы өткізетін жекпе-жегінде жеңіс тіледі. Сенің соққыларың мың жүз мың текше метр таулы массаның жарылысындай жойқын болсын!" - делінген видеоның сипаттамасында. Қысқа ғана ролик ERG Kazakhstan YouTube-каналында жарияланған.

Осылайша, жұмысшылар ерекше флешмоб бастады. Олар қазақстандықтарға Головкинді қолдау видеосын түсіріп, әлеуметтік желіде бөлісу кезінде мына хэштегтерді қолдануды ұсынады:#GGGалға, #GGGalga, #GGGbizbirgemyz, #GGGмывместе.