Қарақат Әбден алматылықтарға сайлауалды бағдарламасын таныстырды

0
380

Алғашқы күні ол Талғар қаласының тұрғындарымен кездесті.


Қарақат Әбден алматылықтарға сайлауалды бағдарламасын таныстырды

Президенттікке кандидат Қарақат Әбденнің Алматы облысы жұртшылығымен кездесуі басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Алғашқы күні ол Талғар қаласының тұрғындарымен, оның ішінде өңірдегі көпбалалы аналармен жүздесті. Сайлауалды бағдарламасын таныстырып, емен-жарқын әңгімелесті.

«Ананың мойнына жүктелген жүк ауыр. Ал көпбалалы ана болу – нағыз ерлікке татиды», - дейді кандидат.

Одан соң, Қарақат Әбден іскер отбасымен кездесті.