Қарақат Әбден Қарағанды облысында көп балалы аналармен кездесті

0
453

Қарақат Әбден​ өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды.


Қарақат Әбден Қарағанды облысында көп балалы аналармен кездесті

Президенттікке кандидат Қарақат Әбден кенді өлке Қарағандыда көпбалалы аналармен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қарақат Әбден өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды. Кездесу барысында жиналғандар көтерген түйткілді мәселелерге құлақ түрді.

Жеті аудан, 6 қалада сайлау нүктелері, пункттері орналасқан. Әр аудан, қалалардан біз еріктілерді жинап алдық. Солар арқылы осы кісінің бағдарламасын әрі қарай таратамыз, - деді Қ.Әбденнің облыс бойынша сенімді өкілі Шолпан Әбілдина.

– Кандидатпен біз жақсы таныстық. Пікірталас жасап, ұсыныстарымызды айттық. Өзінің бағдарламасын айтып кетті. Бағдарламасымен бөлісті, - деді көп балалы ана Сандуғаш Құлмақова.