Қарақат Әбден Қосшы мен Қояндыға барды

0
256

Ауыл тұрғындары елді мекендегі инфрақұрылымды дамыту, су тапшылығы мен автобус бағдарлары сияқты өзекті мәселелерді ортаға салды.


Қарақат Әбден Қосшы мен Қояндыға барды

Қарақат Әбденнің сайлауалды штабы тұрғындармен насихат жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қосшы қаласындағы сайлаушылармен кездескеннен кейін Қарақат Әбден Қоянды ауылына барды. Ауыл тұрғындары елді мекендегі инфрақұрылымды дамыту, су тапшылығы мен автобус бағдарлары сияқты өзекті мәселелерді ортаға салды.

Осында келгелі су болған жоқ. Құдық қазып, су қайнатамыз. Келесі жылы бұл мәселе шешімін табады деп сенеміз. Сондай-ақ бізге қатынайтын автобустардың бағдарын базарға дейін жеткізу мәселесі бар, - деді тұрғындар.

Еске сала кетейік, Қазақстан президентін кезектен тыс сайлау 20 қараша күні өтеді.