Карантин алынғаннан кейін емханаларда қандай қызмет көрсетіледі?

0
448

Жұмыс күндері сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін.


Карантин алынғаннан кейін емханаларда қандай қызмет көрсетіледі?

ERNUR.KZ. 10 тамыздан бастап қаланың барлық емханасында алдын ала жазылу бойынша жоспарлы түрде қабылдау жүргізіліп жатыр. Бұл туралы брифинг барысында қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

Спикердің айтуынша, дәрігерлер ересектер мен балаларға профилактикалық тексеру жүргізеді.


"Оның ішінде скрининг, жоспарлы стоматологиялық қызметтер, оңалту қызметтері, медициналық-әлеуметтік қолдау, медициналық-әлеуметтік сараптамаға медициналық құжаттарды ресімдеу, психологиялық көмек, күндізгі стационарлардың жұмысы, тәуліктік және күндізгі стационарларға жоспарлы емдеуге жатқызуға жіберу жүргізіледі. Іс-шаралар күшейтілген санитарлық-эпидемологиялық нормаларды сақтай отырып жүргізіледі. Жұмыс күндері сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін", - деді Тимур Мұратов.


Сондай-ақ коронавирус инфекциясы белгілері бар адамдарды қабылдау бойынша фильтр-кабинет жұмысы жалғасады.

Қазіргі уақытта қалада тәулігіне 5,5 мың зерттеу қуаты бар 9 ПТР-зертхана жұмыс істейді. Оларда барлығы 305 мыңнан астам зерттеу жүргізілді.

Әкімдік медицина мекемелеріне 600-ден астамфлоуметр, 500 оттегі концентраторы, 500 арнайы керует, өкпені жасанды желдету және компьютерлік томография аппараттарын жеткізді. Шілде айында екі апта ішінде қалаға пневмония, коронавирус және басқа да ауруларды емдеуде қажет 110 тоннадан астам дәрі-дәрмек жеткізілді. Бұл жұмыстарды әкімдік тұрақты негізде жүргізеді.