Карантин кезінде Көкжайлаудағы сауық кешіне барғандар анықталды

0
259

Олардың барлығы әкімшілік жазаға тартылды.


Карантин кезінде Көкжайлаудағы сауық кешіне барғандар анықталды

ERNUR.KZ. Алматыда карантин режимі кезінде Көкжайлау шатқалындағы сауық кешіне барған тұлғалар анықталды, деп жазады ҚазАқпарат.


«Бірнеше күн бұрын Көкжайлау шатқалында бір топ адам кино көріп, концерт ұйымдастырып, көңіл көтерген. Олардың кім екендігі анықталды. Олардың барлығы әкімшілік жазаға тартылды. Қазір қылмыстық жаза қарастыру мәселесі қойылып отыр. Қазір бұл территория Алматы әкімдігінің қарауына берілгенін білесіздер. Жер учаскесінің тағдырына байланысты әкімдік пен министрлік талқылау жүргізіп жатыр», - деді Алматы әкімінің бірінші орынбасары ЕРлан Қожағапанов.


Айта кету керек, өткен аптада карантин талабына қарамастан Көкжайлау шатқалында бір топ адам сауық кешін ұйымдастырып, демалған.

Кейін осы оқиғаға қатысты әкімдік түсінік берді.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет