Карантин кезінде жемқорлық жағдайлары бойынша қайда шағымдануға болады?

0
983

Сыбайлас Жемқорлыққа қарсы агенттік мамандары төтенше жағдай кезінде жемқорлық жасалуы мүмкін екенін айтты.


Карантин кезінде жемқорлық жағдайлары бойынша қайда шағымдануға болады?

ERNUR.KZ. Қазақстандықтар карантин кезінде жемқорлық жағдайлары бойынша шағымдану үшін 1424 нөміріне хабарласа алады, деп жазады Tengrinews.kz.

"Өкілетті органдар сауда мен қызмет көрсету нысандарындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты алып-сатарлардың саудасына, олардың жұмыс кестесіне және санитарлық талаптарына тексерістер жүргізіп жатыр. Бұл жағдайларда коррупция жасалуы мүмкін. Осыған байланысты пара беру мен пара алудың қылмыстық құқықбұзушылық екенін еске саламыз", - деді Сыбайлас Жемқорлыққа қарсы агенттіктің серіктестік жөніндегі департаментінің директоры Расул Медетов.


Оның айтуынша, жемқорлық жасағандар қатаң жазаланады, кінәлілер заңнама бойынша жауапкершілікке тартылады.