Карантин коронавирустың шарықтау шегін күзге дейін созып жібермей ме: Министр жауап берді

0
879

Бүгін Қазақстан үкіметі 14 күндік күшейтілген карантин енгізді.


Карантин коронавирустың шарықтау шегін күзге дейін созып жібермей ме: Министр жауап берді

ERNUR.KZ. Жаңадан енгізіліп жатқан карантин вирустың шарықтау шегін күзге дейін созып жібермей ме, деген сұраққа денсаулық сақтау министрі жауап берді, деп жазады Stan.kz.

"Егер қазір жұқтыру деңгейін төмендету үшін шаралар қолданбаса, яғни қатаң шектеу шараларын жүргізбесе, онда бізде науқастар саны қазіргіден әлдеқайда көп болады. Біздің басты міндетіміз-науқастар санын барынша азайтып эпидемиологиялық маусымға шығу", - деп түсіндірді Цой.

Министр қазіргі карантин денсаулық сақтау жүйесіне күзде пациенттерді толық қабылдауға дайындалуға көмектеседі деп атап өтті. Оның айтуынша, карантин кереует қоры жинақтауға, науқастанғандардың саны тұрақтандыруға көмектеседі.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстан үкіметі 14 күндік күшейтілген карантин енгізді.