Қарашадан бастап Астанадан Павлодарға тікелей әуе рейстері ашылады

0
506

1 қарашадан бастап «Qazaq Air» авиакомпаниясы аптасына 4 рет жиілікпен әлеуметтік маңызы бар Астана – Павлодар авиамаршрутын іске қосады.


Қарашадан бастап Астанадан Павлодарға тікелей әуе рейстері ашылады

ERNUR.KZ. 1 қарашадан бастап Астана-Павлодар бағытындағы тікелей әуе рейстері ашылады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Мемлекет басшысының Павлодар облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Астана-Павлодар бағыты бойынша тікелей әуе рейстерін ашу тапсырылған болатын. Осыған орай ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті тиісті жұмыстарды жүргізді», - делінген ҚР ИИДМ баспасөз хабарламасында.

Осылайша, биылғы 1 қарашадан бастап «Qazaq Air» авиакомпаниясы аптасына 4 рет жиілікпен әлеуметтік маңызы бар Астана – Павлодар авиамаршрутын іске қосты.

«Аталған бағыттағы билеттер құны 10 мың теңге көлемінде және оны сату бүгінгі күннің соңына дейін басталады», - делінген хабарламада.