Қарғалы қорығының жері 17 жылға уран өндіретін компанияға беріледі – Үкімет қаулысы

0
1 047

Үкімет қаулысы қол қойған күннен, атап айтқанда 19 шілдеден күшіне енді.


Қарғалы қорығының жері 17 жылға уран өндіретін компанияға беріледі – Үкімет қаулысы

ERNUR.KZ. Премьер-Министр Әлихан Смайылов уран өндірісі үшін «РУ-6» серіктестігіне Қызылорда облысы аумағында орналасқан Қарғалы шағын табиғи қорығының жерін 17 жылға беруді көздейтін қаулыға қол қойды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қызылорда облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: «РУ-6» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесінің уран өндіру үшін берілуін, уран өндіру жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жер учаскелеріне рекультивация жүргізіліп, 2040 жылы көрсетілген жер учаскесінің қаумал құрамына қайтарылуын қамтамасыз етсін», - делінген Премьер-Министр Әлихан Смайылов қол қойған Үкімет қаулысында.

Демек, уран өндірумен айналысатын серіктестікке Қызылорда облысы аумағында орналасқан Қарғалы шағын табиғи қорығының жері 17 жылға беріледі.

Үкімет қаулысы қол қойған күннен, атап айтқанда 19 шілдеден күшіне енді.