Кәрім Мәсімовке қатысты сот үкімі өзгерді

0
853

Олар қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу мекемесіне қамалмайды.


Кәрім Мәсімовке қатысты сот үкімі өзгерді

ERNUR.KZ. 18 жылға бас бостандығынан айырылған Кәрім Мәсімовке қатысты сот үкімі өзгерді, деп жазады stan.kz.

Астана қалалық сотының дерегіне сүйенсек, бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов және оның орынбасарларына қатысты сот үкімі өзгерген. Яғни олар қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу мекемесіне қамалмайды.

“Аппеляциялық сот шешімімен К.Мәсімовке, А. Садықұловқа және Д. Ерғожинге қатысты бірінші сатыдағы соттың үкімін мекеменің жазасын ең жоғары мекемеден орташа қауіпсіздікке өтеу бөлігінде өзгертті”, - делінген ақпаратта.

Жазаның қалған бөлігінде үкім өзгеріссіз қалады.

Еске салайық, бұған дейін Кәрім Мәсімовтің 18 жылға бас бостандығынан айырылғанын жазған едік. Кейін ол сот үкіміне қатысты аппеляциялық шағым түсірді.