Кәріз құдығына құлап кеткен жасөспірім ауруханадан қашып кеткен

0
454

Ата-анасы баланы ауруханаға апарған кезде тексеруден кейін дәрігерлер оған «жұлын контузиясы» диагнозын қойған.


Кәріз құдығына құлап кеткен жасөспірім ауруханадан қашып кеткен

ERNUR.KZ. «102» операторының пультіне хабарласқан әйел 13 жасар ұлының облыстық балалар ауруханасынан белгісіз бағытқа қашып кеткенін айтып, көмек сұраған, деп жазады baq.kz.

"Бір сағат бұрын жасөспірімнің кәріз құдығына түсіп кеткені анықталды. Ата-анасы баланы ауруханаға апарған кезде тексеруден кейін дәрігерлер оған «жұлын контузиясы» диагнозын қойған. Әйел баласын ауруханаға жатқызудан бас тартты. Ол сөйлесіп тұрған кезде бала ауруханадан қашып кеткен", - дейді облыстық ПД баспасөз қызметінде.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған баланы аулалардың бірінде балалар алаңынан тапты. Жасөспірім полицияға ауруханадан өз бетінше кетіп қалғанын айтқан, өйткені ол ауруханаға жатудан қорыққан.
Менің кәмелетке толмаған ұлымды тауып, аман-есен үйге жеткізгені үшін полиция қызметкерлеріне алғысым зор, - деп Павлодар қаласының тұрғыны Вероника Мецкер ризашылығын білдірді.