Картон жеп жатыр: Маңғыстауда түсірілген видео жылдам таралып кетті

0
580

​Өңірде мал азығы қорын молайту үшін жергілікті бюджеттен 200 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді.


Картон жеп жатыр: Маңғыстауда түсірілген видео жылдам таралып кетті

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде картон жеп жатқан түйелердің видеосы тарап кетті. Ал жылқылар күл-қоқыстың маңайынан шықпайды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Міне, Маңғыстаудың түйелері картон жеп жүр. Жылқылар ғана емес, түйелер де жейді. Картонмен күн көріп жүр. Оларды айдап жібереміз, бірақ қайтып келеді. Картонды осылай қораның қасына салып қоямыз. Ал мынау арық-арық тайлар. Шөп жоқ. Мынаның бәрі – картон. Осылай майдалап-майдалап картон береміз", - дейді видео авторы.