«КАРТОП АРЗАНДАДЫ» - Ақтау әкімдігі жалған ақпарат таратқан

0
807

Базарда Иран және Әзірбайжаннан жеткізілген картоптың көтерме бағасы 240- 265 теңгеге саудаланып жатыр екен.


«КАРТОП АРЗАНДАДЫ» - Ақтау әкімдігі жалған ақпарат таратқан

Ақтауда қалалық әкімдік әлеуметтік желідегі парақшаларына көтерме базарда картоптың келісі 185 теңгеге арзандады деп ақпарат таратқан болатын. Мұны естіп, білген кей тұрғындар қуанып, бағасы қалта көтерерлік өнім алу үшін базарға қарай ағылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап.

Сатып алушылар бұл жолы сапалы, әрі арзан картоп аламыз деп ойлаған. Алайда, «пәлен жерде алтын бар» дегенге барып, «барсам, бақыр да жоқ» екен деп басын салбыратып, көңіл-күйі түсіп қайтқан.


Базарда Иран және Әзірбайжаннан жеткізілген картоптың көтерме бағасы 240- 265 теңгеге саудаланып жатыр екен. Ал бөлшек бағада алыпсатарлар әртүрлі сатады. Яғни, келісі 250, 280 теңге. Кей сауда нүктелерінде 350 теңгеге дейін барады.

Келесі көршілес базардың сатушылары көтерме бағамен қымбатқа алып жатқанын айтып шағымданды. Олар амал жоқ үстіне азғантай теңге қосатын неді. Қазір соңғы картобын сатуда екен.. Өйткені, көкөніс көптен бері жатып қалғандықтан, арасында бүлінгені көп кездеседі дейді. Сондықтан оның бағасы да өсіп отыр.

"Біздер «Асар- С» аламыз. 10-15 теңге қойып сатамыз. Көретін пайдамыз 1000-1500 теңге. Төлейтін арендамыз бар. Соның бәріне бір талай расход шығады. Картошка 270 теңге, помидор 600 тг, бұл «Асар-С» тағы оптовый цена. Ал жуа 90-100 теңгеден. Марков 400- 450 тг. Бұл алу бағасы", - дейді сатушы Рая Иманқұлова.


Жалпы сауда орындарына келушілер айтарлықтай көп емес екен. Əркім өз керегін алып, шығып жатыр. Әкімдік өкілдері әлеуметтік тауарлар қатарына жататын өнімдердің бағасын барынша реттеп жатыр екен.

"Асар С" , Қазфруд сияқты мекемелермен келісім сөздер жүргізу арқылы оларға халыққа 1 кг, 2 кг-нан халыққа қолжетімді болсын деген әлеуметтік тауар ретінде 185 теңгеден сатуға біз келіссөздер жүргіздік. Келістік. Қазіргі таңда сол базарда сатылып жатыр. Бірақ та оның саны, мөлшері азғантай күйінде", - деп отыр Тілеген Едігеев, Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.

Осылайша, көкөністің бағасына қатысты кім кімді алдап жүргені белгісіз. Кәсіпкерлік бөліміндегілдер бір-екі аптада іргедегі Ресей мен еліміздің оңтүстігінен жаңа өнім келгесін, ескі картоптың бағасы түседі дейді.