Қарттар үйінде 61 жастағы ер адам өз-өзіне қол жұмсады

0
429

марқұм екінші топтағы мүгедек болған.


Қарттар үйінде 61 жастағы ер адам өз-өзіне қол жұмсады

ERNUR.KZ. Оралдағы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 61 жастағы ер адам өз-өзіне қол жұмсады, деп жазады Ulysmedia.kz.

“Мой город” порталының жазуынша, марқұм екінші топтағы мүгедек болған. Ер адам 2008 жылдың 8 ақпанында Оралдағы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына келіп түскен.

"Оған биполярлы аффективті бұзылыс, жыл сайын өршитін аралас психикалық түр, гипоманиак жағдайы, орташа айқын гипопато-гипобуликалық ақау диагнозы қойылған. Биылғы мамыр айында ол облыстық психикалық денсаулық сақтау орталығында ем алды. Оралда тұратын балалары бар", - дейді орталық қызметкерлері.