Қарттар үйінде қарияны пышақтап өлтірді

0
1 869

Телефон арқылы байланыс кезінде мекеме басшылығы қандай да бір ақпарат беруден бас тартып отыр


Қарттар үйінде қарияны пышақтап өлтірді

Фото: 8plus1.ru

ERNUR.KZ. Орал қаласындағы қарттар үйінде қайғылы жағдай орын алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ kaztrk.kz арнасына сілтеме жасап.

Орал қаласындағы Қарттар үйінде қайғылы оқиға орын алды.

Атап айтсақ, әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 71 жастағы қарияны пышақтап өлтірген. Алдын ала мәліметтер бойынша, 1947 және 1957 жылғы қос қария бір бөлмеде тұрып келген. Бір-бірімен сөзге келіп қалып, бірі екіншісінің кеуде тұсына пышақ сұғып алған. Жедел жәрдем станциясына хабарлама түскі 13:40-та түскені анықталды. Алайда, ауыр жарақаттан Жомарт Өтеғалиев дәрігерлер келгенше көз жұмған.

Телефон арқылы байланыс кезінде мекеме басшылығы қандай да бір ақпарат беруден бас тартып отыр. Кісі өліміне әкелген жағдайдың жай-жапсарын қазір полиция қызметкерлері анықтау үстінде.